Министрлер мен әкімдерді Қауіпсіздік кеңесі тағайындайды
Министрлер мен әкімдерді тағайындаудың соңғы сөзін Қауіпсіздік кеңесі айтады. Қасым-Жомарт Тоқаевтың кешегі жарлығына қатысты Әділет министрі түсініктеме берді.
Автор: Гүлбағда Қайратқызы
22.10.2019
Марат Бекетаев, Әділет министрі:
- Бүгін шешімдер қабылданған жоқ. Жарлық нақты шешімдер қабылдайды, тек қана нақтылай түседі. Заңда нақты тізім бекітілген.
Қауіпсіздік кеңесі туралы аталмыш заң былтыр қабылданыпты. Оған сәйкес, енді лауазымды орынға тағайындаудың барлығын президент – Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевпен ақылдасуы шарт.
Атап айтқанда, Ішкі, Сыртқы және Қорғаныс министрлерінен бөлек, Үкіметтің басқа мүшелері, Бас прокурор мен күш құрылымдарының басшылары келісіммен тағайындалмақ. Конституциялық статусқа ие Қауіпсіздік кеңесін Елбасы өмір бойы басқаруға құқылы.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!