{metadescription}
Әліппе оқулығы латын қарпімен қашан құрастырылады?  
Әліппе оқулығы латын қарпімен қашан құрастырылады?  

Әліппе оқулығы латын қарпімен қашан құрастырылады?  

Қайта оралатын әліппе латын әліпбиінде сөйлемек. Оқулық 2021 жылдан бастап латын қарпімен құрастырылады. Бұл туралы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ғылыми хатшысы Анар Фазылжан мәлімдеді. Бірақ әуелі жаңа әліпбидің каллиграфиялық жазу үлгісі дайын болуы тиіс дейді орталық өкілі.

Анар Фазылжан, «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ғылыми хатшысы:

- Өздеріңіз білесіздер, қадамқадаммен латынға көшудің Үкімет бекіткен жоспары бар. Сол жоспарға сәйкес, Білім және ғылым министрлігі 2021 жылдан бастап әліппені латын әліпбиімен дайындайды. Сондықтан да каллиграфиялық жазудың үлгісі де сол уақытқа әзір болады.

Мамандардың айтуынша, қазір Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы түрлі мамандармен бірлесе жаңа әліпбидің каллиграфиялық жазу үлігісін әзірлеп жатыр.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тіл мамандары оны жетілдіру керек деп, құзырлы министрлікке тапсырма берген болатын. Іле-шала мамандар бір дыбыс, бір таңба қағидасы дұрыс екенін жеткізіп, оның ішінде «Ш» және «Ч» әрпі, сондай-ақ «І» әрпіне қатысты қате кеткенін айтқан еді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.