{metadescription}
Павлодар: Құлакөл жұрты темір жолмен су тасып, ауыз суды сатып алып жүр
Павлодар: Құлакөл жұрты темір жолмен су тасып, ауыз суды сатып алып жүр

Павлодар: Құлакөл жұрты темір жолмен су тасып, ауыз суды сатып алып жүр

Ауыз су ауылға пойызбен келеді! Павлодар облысында бір елді-мекен түгелімен тіршілік нәрінен тарығып отыр. Екібастұзға қарайтын Құлакөл ауылының тұрғындары жергілікті биліктің құрғақ уәдесіне құлақ түруден мезі болған. Қазір қараша ауыз суды темір жол арқылы тасып ішеді. Оның өзі жеткіліксіз. Сондықтан жұрт қосымша тағы да су сатып алуға мәжбүр.

Құлакөл ауылының алты жүздей тұрғыны ыдыс арқалап судың келуін күтуге мәжбүр. Ауыз су күніне таңертең және кешке ғана жеткізіледі. Екі мәрте келген судан алып үлгермейтіндер де бар.

Бақытжамал Сейсенбаев, Құлакөл ауылының тұрғыны:

- Үштөрт күнге дейін су болмайды. Жұрт жуынбақ түгілі, шәй ішуге су таппайды. Ал бұл тығырықтан шығуға көліктері барлар қалаға су алуға кетеді. Мұнда дүкендердегі бөтелкеде тұратын судың өзін таба алмай қаласың. Бәрі сатылып кетеді.

Ауылға ауыз су теміржол арқылы тасымалданып отыр. Жеткізілген жүз тонна тіршілік нәрі арнайы орынға құйылып, халыққа колонка арқылы беріледі. Бірақ оның өзі дер кезінде келмей қалады. Ал елді мекенде 50-ші жылдары қазылған құдықтан шығатын судың сапасы сын көтермейді. Жұрт оны «тұзды және лас» дейді. Сондықтан жерасты суын төрт түлікке ғана береді.  

Алғашында ауылға су құбыры тартылады дегенді естіп жұрттың қуанышында шек болмаған. Кейбіреуі баспанасына кәріз құбырын орнатып үлгеріпті. Соның бірі – Ольга Мсырова. Ол әжетхана мен душ қоятын жерді әлдеқашан дайындап қойған.

Ольга Мсырова, Құлакөл ауылының тұрғыны:

- Міне, биыл кәріз құдығын да қазып қойдық. Әжетхана мен душ орнатпақшы болдық. Өйткені үйге су кіргіземіз деп еденді тесіп, құбыр тартты ғой. Бірақ неше айдан бері әлі су жоқ.

Негізі тұрғындарға тіршілік нәрі өткен жылы қазан айында берілуі тиіс болған. Бірақ жұрт бір жылдан бері «шүмектен аққан қасық су көрмедік» деп ашулы. Ал шенеуніктер құбырдың төселіп біткенін айтады. Қазір тек кем-кетіктері түзеліп жатыр екен.

Ажар Асайынова, Теміржол ауылдық округі әкімдігі аппаратының жетекші маманы:

- Қарасор және Құлакөл ауылына су берілді. Қазір Қарасор ауылы суды қолданып жүр. Ал Құлакөл ауылында кемшіліктер шықты. Сол кемшіліктерді «Инженерные сети» ЖШСгі істеп жатыр. Бір-екі күнде су беріледі.

Атқамінерлердің айтуынша, Құлакөл ауылына ауыз су бері ісі мемлекеттік бағдарлама бойынша жүзеге асырылып жатыр. Жобаның жалпы құны 750 миллион теңге.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде