{metadescription}
Қымбат көліктердің айнасын ұрлап жатқан жерінде қолға түсті
Қымбат көліктердің айнасын ұрлап жатқан жерінде қолға түсті

Қымбат көліктердің айнасын ұрлап жатқан жерінде қолға түсті

Алматыда қымбат автокөліктердің айнасын қолды қылған ұры ұсталды. Күдікті бас-аяғы 30 айнаны үптеп кеткен.

- Шамамен бір ай бұрын автокөліктердің айнасын ұрлаумен айналыса бастағанмын...

Алматы көшелеріндегі автокөліктерді торуылдап арам ойын жүзеге асырып жүрген 32 жастағы азамат қылмыс үстінде ұсталған. Күдікті полицейлерді көрген сәтте ол қолындағы заттарды лақтырып, құтылуға тырысыпты. Алайда тәртіп сақшылары оны Мәметова және Чайковский көшелерінің қиылысында тырп еткізбей қолға түсірді.

Күдікті бұрын қарақшылықпен айналысып ұрлық жасағаны үшін сотталған. Тергеу барысында оның сыбайласы анықталды. Сыбайласы «Кар сити» сауда үйінде ұрланған айналарды қабылдаған. Екеуі айналарды қайта сату арқылы пайда тауыпты. Қазір қос күдікті тергеу абақтысына қамалды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде