{metadescription}
Жезқазғанда тұл жетімдер үй-күйсіз қаңғып жүр
Жезқазғанда тұл жетімдер үй-күйсіз қаңғып жүр

Жезқазғанда тұл жетімдер үй-күйсіз қаңғып жүр

Жезқазғанда 20-ға жуық тұл жетім баспанасыз босып жүр. Алды 15 жылдан бері үй кезегінде тұрған олар шаһарда қанша пәтер салынғанымен, ешқайсысы бұйырмады деп налиды. Мұңын шағып аттамаған табалдырығы мен қақпаған есігі қалмапты. Биліктегілер жетімдерге оңды-солды үлестіретін баспанамыз жоқ деп қысқа қайырды.  

Қуықтай бөлмеде күнелтіп жатқан Алина мен Александрдың алты баласы бар. Үлкені 5-сыныпта оқыса, кенжесі – бес айлық. Ерлі-зайыптылардың үй кезегінде тұрғанына 11 жыл болған. Олар осы күнге дейін әр жерде пәтер жалдап келген. Маусым айында жергілікті әкімдік уақытша тұруға коммуналдық үйден осы бөлмені беріпті.

Алина Нарижная, Жезқазған қаласының тұрғыны:

- Бізге әкімдік бөлмеде 12 ай тұруға ұсыныс жасады. Кейін пәтер береміз деді. Алайда жарты жыл өтті, әлі хабар жоқ. Бөлменің сиқын көріп тұрсыздар, адам шошиды. Есікті, ваннаны өзіміз орнаттық, ал жылыту батареясы жоқ. Ертең қыс түссе не істерімізді білмейміз.

Жезқазғанда баспана кезегінде 450-ден аса жетім тұр. Олардың алды 15 жылдан бері бөтенннің босағасын сағалап жүр. Бүгінге дейін тиесілі шаңырағын сұрап талай табалдырықты тоздырған жетімдер шыдамы таусылғанын айтады.

Қарлығаш Сапарбаева, Жезқазған қаласының тұрғыны:

- Тым болмаса қызметтік пәтер берсе екен. Жүктімін. Ертең босанғанда баламды қайда апаратынымды білмеймін. Басымызда баспана болса, ел қатарлы коммуналдық шығындарды уақтылы төлеп тұратын едік қой.

Жергілікті билік бұл мәселеден хабардар. Бірақ қалада тұрғын үй құрылысы тым баяу жүріп жатқандықтан барлығын бірдей баспанамен қамту «мүмкін емес» деп аузын қу шөппен сүртіп отыр.   

Қуанышбек Сансызбаев, Жезқазған қаласы ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы: 

- Тегін үй тиесілі. Жаңа бағдарлама бойынша жалға берілетін үй барлық жерде салынып жатыр. Ал бұл балаларға үй берілмеуінің себебі – Жезқазған қаласында жаңа үйлердің салынбауынан. Былтырдан бастап үйлер енді салына бастады, енді берудің жолы көбейеді.

Биыл жыл басында жаңа салынған үйден 7 жетім балаға баспана беріліпті. Бірақ олардың барлығы да пәтер кезегіне «бізден кейін тұрған» дейді наразы топ. Ал бұл тұрғыдағы сұраққа жергілікті билік өкілдері жауап таппады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде