Темекі қымбаттады: Орташа құны 436 теңге
Елімізде темекі қымбаттады. Соңғы бір жылда шылым бағасы 11 пайызға көтерілген. Қазір дүкендерде бір қорап темекінің орташа құны 436 теңге.
23.10.2019
Қымбатшылық әсіресе қостанайлық шылымқұмарлардың қалтасына қосымша салмақ салуда. Темекі бағасы 18 пайызға көтеріліп, қорабы 461 теңгеден сатылуда. Нұр-Сұлтан мен Ақтауда да баға қалаларға қарағанда едәуір жоғары. Ең арзан темекі Петропавлда.
Биыл темекі өнімдері былтырғымен салыстырғанда 8,8 пайызға аз шығарылған екен. Мамандар шылым бағасы қымбаттағанымен, оны тартатындар азаймай тұр дейді. Мәселен, соңғы үш жылда көк түтіннің кесірінен өкпе ауруына шалдыққандар саны бірден 12 пайызға артқан.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!