{metadescription}
Павлодарлықтар коммуналдық апаттың зардабын тартып отыр
Павлодарлықтар коммуналдық апаттың зардабын тартып отыр

Павлодарлықтар коммуналдық апаттың зардабын тартып отыр

Павлодарда болған коммуналдық апат тұрғындарды әбірге салды. Құбырдан аққан ыстық су жер үйлерге қарай жайылған.

- Жылу көрмей тағы үш күн отыратын болдық. Бұндай ешқашан болып көрген емес!

Апаттың зардабын 100-ге жуық тұрғын көріп отыр. Себебі, құбыр жарылған соң қалада жылу беру уақытша тоқтатылды. Ал ыстық су төрт көшені басып қалған. Мамандар жақында ғана күрделі жөндеуден өткен құбырдың жарылу себебін анықтауға кірісті. Коммуналшылардың сөзінше, күздегі гидравликалық сынақ кезінде ешқандай ақау байқалмапты.

Қазір оқиға орнында суды сорғыту жұмыстары қызу жүргізілуде. Содан кейін жарылған құбыр ауыстырылады.

Есей Файзолла, Павлодар қалалық ТКШ бөлімінің бас маманы:

- Ең аз уақытта жарылған құбырды ауыстырып, барлығын іске толық қосамыз. Құбырларды күрделі жөндеуден өткізу «Павлодар жылу жүйесі» серіктестігінің тапсырысымен жүргізілді. Ал жеке сектордағы орналасқан құбырларға жауапты емес.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде