Шымкент: Ұйықтап қалған баланы 300 адам жарты күн іздеді
Ойнаймын деп елді дүрліктірді! Шымкентте жасырынбақ ойнаған сегіз жасар баланы 300-дей адам алты сағат сағат іздеген. Сөйтсе бала ұйықтап қалыпты.
Автор: Бек Әбиев
23.10.2019
Оқиға балалар арасындағы ойыннан басталған. Сегіз жасар Жасұлан көрші балалардан тығылыпты. Оны іздеп таба алмаған жеткіншектер тарап кетіп, кешкі сағат сегізде ата-анасы шарқ ұрып іздейді. Аяқтан тозған олар арада екі сағат өткенде полицейлердің көмегіне жүгінеді. Көрші-қолаң, тәртіп сақшылары – 300-ге жуық адам аяқтан тозып іздеп жүрсе, бала есік алдында тұрған қораптың астында ұйықтап жатыпты. Бірнеше сағат бойы жеңіл киіммен жатқан Жасұлан тоңып қалыпты. Тоңып әрі қорқып қалғаны болмаса, балақай дін аман.
Әкесі:
- Баланы тауып бергендеріңізге баршаңызға рақмет! Аманесен табылды. Көршілеріме ризамын!
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!