Қарағандыда бес көлікті соғып талқандаған жүргізуші абақтыға қамалды
Қарағандыда «Лексусымен» 5 көлікті бір-ақ соғып талқандаған азамат екі айға тергеу абақтысына қамалды. Оны полицейлерден арашалап әкетпек болған екеудің бірі – 3, екіншісі 5 күнге әкімшілік қамауға алынды.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
23.10.2019
Тәртіп сақшыларына барынша қарсылық көрсеткен адамның кім екені айтылмай отыр. Дегенмен бейресми ақпарат көздеріне сүйенсек, 49 жастағы азамат ұн өндірісі саласындағы ірі кәсіпкер екен. Біраз адамды зардап шектірген жол апатын жасаған оны сотқа дейін қамауда ұстау туралы санкция шығарылды.
Араққа сылқия тойып көлікке отырған ол қазанның 20-сы күні жол апатын жасаған. Қатты жылдамдықпен аулалардың бірінде тұрған 5 көлікті бірден соққан. Соның салдарынан бір көлікте отырған екі адам зардап шекті. 25 жастағы жігіт жеңіл жарақат алса, 29 жастағы келіншек әлі ес-түссіз жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!