{metadescription}
Министрлер кабинеті Мәжілістен тағы ақша сұрап отыр
Министрлер кабинеті Мәжілістен тағы ақша сұрап отыр

Министрлер кабинеті Мәжілістен тағы ақша сұрап отыр

Үкімет Ұлттық қорға тағы алақан жайып отыр. Үш жылдық бюджеттің жыртығын жамай алмаған Министрлер кабинеті Мәжілістен ақша сұрай келді. Төменгі палата депутаттары да көп дауырықпай, триллиондаған теңгені Ұлттық қордан алуға болатын заң жобасын бекітіп бере салды. Алайда 143 рет түзетілген басты қаржылық құжат әлі талай өзгеріске ұшырауы мүмкін.

Алдағы екі жылда республикалық бюджеттің трансферті 2 триллион 700 миллиард теңге көлемінде болады. Ал 2022 жылы аталған сома 100, одан кейінгі жылдары 200 миллиард теңгеге төмендейді. Сөйтіп бес жылдан соң Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт 2 триллион теңгеге дейін түседі.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары әрі Қаржы министрі Әлихан Смайыловтың айтуынша, Ұлттық қордан ақша бөлудің себебі, қазір әлеуметтік көмектер мен жалақыларды көбейту салдарынан бюджет тапшылығы сезілген. Бірақ Қаржы министрлі бұған «алаңдауға негіз жоқ» деген сыңай танытып отыр. Керісінше, қордағы ақша алдағы уақытта көбейе береді дейді Смайылов.

Әлихан Смайылов, ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары, қаржы министрі:

- Бұл бізге жалпы ұлттық қордың көлемін 60 миллиард доллардан келесі жылы 2025 жылы 80 миллиард долларға дейін және 2030 жылы 100 миллиард доллардан асыруға мүмкіндік береді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде