{metadescription}
Ұлыбританияда 39 қытайлық жүк көлікте үсіп өлген
Ұлыбританияда 39 қытайлық жүк көлікте үсіп өлген

Ұлыбританияда 39 қытайлық жүк көлікте үсіп өлген

Ұлыбританияда жұмбақ жағдайда көз жұмған 39 адамның аты-жөні әлі анықталған жоқ. Дегенмен жергілікті ақпарат құралдары марқұмдардың бәрі – Қытай азаматтары деген ақпарат таратуда.

Алдын ала болжам бойынша, 38 ересек пен бір жасөспірім тоңазытқышы бар жүк көлігінің ішінде үсіп өлген. 25 градус суықта дірдек қағып ауа жетпей тынысы тарылғандардың жанайқайын ешкім естімепті. Қайғылы жағдай Эссекс графтығында болған. Жүк көлігі қалашыққа екі күн бұрын Болгариядан келіпті. Жүргізушісі – Солтүстік Ирландия азаматы. Қазір 25 жастағы Мо Робинсон басты күдікті ретінде қамауға алынды. Алайда ол жүк көлігіне соншама адамның қайдан мінгенін түсіндіріп бере алмаған. Ал Болгария сыртқы істер министрлігі бұл машинаның елден осыдан екі жыл бұрын шығып кеткенін хабарлады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде