{metadescription}
Сарапшылар: қазақстандықтардың 20 пайызынан астамы семіздіктің зардабын тартуда
Сарапшылар: қазақстандықтардың 20 пайызынан астамы семіздіктің зардабын тартуда

Сарапшылар: қазақстандықтардың 20 пайызынан астамы семіздіктің зардабын тартуда

Елімізде артық салмағы барлардың саны артып жатыр! Сарапшылардың айтуынша, халқымыздың 20 пайызынан астамы семіздіктің азабын тартуда. Себебі – дұрыс тамақтанбау және белсенді өмір салтын ұстанбау. Ал күз-қыс айларында жұрт күйзеліске түсіп, тамақтану тәртібін тіптен бұзады екен.  

Анна Всемирнованың майлы тағамдардан бас тартқанына төрт жылдай уақыт болған. О баста күнделікті дене жаттығуынан бастаған ол бүгінде жеміс пен көкөністі көбірек жейді. Ал тәттіден толық бас тартқан. Ол қыздардың мүсіні мінсіз болуы үшін ең алдымен өзіңе қатал талап қою керек дейді.

Анна Всемирнова, диетолог:

- Дұрыс тамақтану бұл салауатты өмір салты. Мысалы, диетада көп нәрседен бас тартуың керек болады. Ал сен өзіңе тыйым салған сайын, керісінше ол тағамдарға тәбетің ашыла түседі. Сол себепті барлық тамақты кішкене мөлшерде жей беруге болады. Сондайақ, артық майдан арылу ғана емес, сол салмақты өмір бойы ұстап тұру өте қиын.

Анастасия Колпакованың айтуынша, еліміздегілердің 20 пайызы ғана дұрыс тамақтану ережесін ұстанады. Ал қалғаны асына мән бермейді екен. Диетолог жаңғақ пен кептірілген жеміс және көкөністерді ас мәзіріне күнделікті қосуға кеңес береді.

Анастасия Колпакова, диетолог:

- Дұрыс тамақтануды еліміздегілердің көбі жақсылап қолға алмайды. Бұл жайында сөз қозғалса, бірден сылтау айтуға көшеді. Ең алдымен қымбаттығын, сосын уақыты жоқтығын айтады. Негізінен күнделікті тамақ жасағандай қарапайым азықтүлікті де қолдануға болады. Дұрыс тамақтанудың пайдасы көп. Ең алдымен адамның психологиялық жағдайы жақсарады.

Осылайша мамандар сыртқы келбет пен ішкі жан дүниенің үйлесіп, әдемі болуға дұрыс тамақтанудың, салауатты өмір салтын ұстанудың қажеттігін айтады. Өзіне көңілі толатын жан ешқашан күйзеліске түсіп, өмірге өкпе артпайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде