{metadescription}
Президенттік жастар кадрлық резерві: Серік Сәпиев қажетті балл жинай алмады
Президенттік жастар кадрлық резерві: Серік Сәпиев қажетті балл жинай алмады

Президенттік жастар кадрлық резерві: Серік Сәпиев қажетті балл жинай алмады

Елімізде қызметтегі шенеуніктермен бірге жалпы саны 549 үміткер Президенттік жастар кадрлық резервінің төртінші кезеңіне өтті. Оларды алда талай сын күтіп тұр. Ал Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевтің бұл сынақта жолы болмады. Қажетті баллды Спорт комитетінің басшысы жинай алмай қалған.

Үміткерлер ішінде шетелде жүрген Қазақстанның 46 азаматы бар. Көбі АҚШ, Ресей, Ұлыбритания мен Түркиядан. Ауылдағы жастарға да басымдық берілген. Қатысушылардың мемлекеттік қызметте жұмыс істеуі міндетті емес. Бірақ резервтің төртінші кезеңіне өткендердің қатарынан қазіргі лауазым иелерін кездестіруге болады. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрайымы Анар Жайылғанова шенеуніктердің резевке өтуі олардың конституциялық құқығы дейді.

Анар Жайылғанова, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрайымы:

- Ата заңымызда көрсетілген, әрбір адамның мемлекеттік қызметке келу тәртібі – бірдей. Яғни, біз ешкімнің құқығын шектей алмаймыз. Ол қатысқысы келді, қатысты. Егер де ол барлық кезеңнен өтіп, өзінің біліктілігін дәлелдей алса, онда құп. Яғни ол адам орнында бекер отырған жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде