Коллекторлық қызметпен бұрынғы қарақшылар да айналысып жүр
Коллектор емес, кәнігі қылмыскерден бетер! Елімізде тұрғындардың банк алдындағы қарызын өндірумен айналысатын мекеменің қызметкерлеріне қатысты шағым көбейген. Борышкерлерге қоқан-лоққы көрсеткен коллекторлардың үстінен соңғы үш жылда 15 қылмыстық іс қозғалыпты. Ал коллектор туралы мәлімет Ұлттық банкте сақталады. Енді сол арқылы Бас прокуратура еліміздегі 165 коллекторлық агенттікті жіті тексеріп, заң бұзғандарды жазаламақ.
Автор: Гүлбағда Қайратқызы
24.10.2019
Қайрат Раисов, Бас прокурордың көмекшісі:
- Борышкерлер коллекторлардың жағымсыз қылығына, ісіне, үшінші тұлғаға ақпарат бергеніне шағым айтып жатады. Тіпті дыбыстық хабарламаларын көрсетеді, онда сұмдық жәйттар айтылған. Қазір коллекторлық қызметпен бұрынғы қарақшылар да айналысып жүр.
Раисов коллекторлар қылмысын әшкерелеу үшін Ұлттық банктің көмегіне жүгінбекші. Яғни Ұлттық банк ұялы телефон нөмірлері базасына рұқсат берсе, Бас прокуратураға жалған коллекторларды анықтау оңай болады. Өйткені борышкерлерге коллекторлар көбіне ұялы телефонмен қоңырау шалып, әлімжеттік көрсетіп заң бұзады екен. Бірақ Ұлттық банк төрағасының орынбасары отырыста Бас прокуратураның ойлап тапқан тәсілін құптамады.
Былтыр Ұлттық банкке агенттіктердің жұмысына қатысты 230 адам шағымданса, осы жылдың бес айында 157 борышкер арызданыпты.
Олег Смоляков, Ұлттық банк төрағасының орынбасары:
- Коллекторлық агенттіктердің қызметкерлеріне тиесілі телефон нөмірлерінен бұл қоңыраулардың жасалғанын анықтай алмайсың. Тексеру барысында кейбір заңсыз әрекеттер жасалуы мүмкін. Біздің заңнамада компанияның кеңселерінде аудиожазбаны жүргізу талаптары бекітілгені белгілі, бірақ, заңға сәйкес, байланыс тәртібі мен сұхбаттасу формасын дәлелдеу әрдайым мүмкін бола бермейді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!