{metadescription}
Инновациялық жобаның жеңімпаздары Крэнфилд университетінде оқитын болды
Инновациялық жобаның жеңімпаздары Крэнфилд университетінде оқитын болды

Инновациялық жобаның жеңімпаздары Крэнфилд университетінде оқитын болды

Елордада инновациялық жобалар байқауының үздіктері марапатталды. Топ жарған таланттарға Ұлыбританиядағы Крэнфилд университетінде бір аптаға оқып қайту мүмкіндігі берілген. 

Жетекші оқу орнында Ақмола және Павлодар облыстарының жас ғалымдары ғылыми жұмыстарын іс жүзінде жүзеге асырып, университеттің аэроғарыштық жобаларымен танысты.

«Назарбаев Фонд Скул Челлендж» атты зияткерлік сайысына 100 үздік топ қатысқан. Республикалық мектеп оқушылары арасындағы байқаудың финалында 17-сі бақ сынады. Елбасы қоры Әділет министрлігі, «Самұрық қазына траст» қорымен бірге, сондай-ақ, эссе, бейнероликтер конкурсын қорытып, жеңімпаздарды марапаттады. Шараларды өткізудегі негізгі мақсат – талантты жастастарға қолдау көрсету, инженерлік-техникалық саланы дамыту.

Әлкей Марғұланұлы, Тұңғыш Президент қоры атқарушы директорының орынбасары:

- Жаратылыстану және физикаматематика ғылымдарындағы ғалымдар – жас балалар. Жыл сайын жүз мыңдап шыға бермейді. Өнертапқыштық ортада санаулы ғана балалар. Қазақстаннан шығатын балалар ұйымшылдық дамып отыр. Бұл ғылым саласында маңызды қасиеттердің бірі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде