{metadescription}
Қарағандыда әлеуметтік сақтандырудың пилоттық жобасы жүзеге асырылды
Қарағандыда әлеуметтік сақтандырудың пилоттық жобасы жүзеге асырылды

Қарағандыда әлеуметтік сақтандырудың пилоттық жобасы жүзеге асырылды

Қарағанды облысының тұрғындары міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің пилоттық жобасының арқасында медициналық қызметтің қымбат түрлеріне қол жеткізе бастады. Айналдырған бір айдың ішінде 200 мыңға жуық адам кәсіби медициналық тексеруден өткен. Осы арқылы онкологиялық, жүрек қан тамырлары ауруларын дер кезінде анықталған. Сақтандырылған пациенттер томографияға тегін түсіп жатыр. Пилоттық жоба бүге-шігесіне дейін тексеріліп, кемшін тұстары түзелген соң, келесі жылдың басынан жаңа жүйе ел бойынша іске қосылмақ.

Татьяна Колочкова соңғы кездері денсаулығының әжептәуір түзеліп келе жатқанын айтады. Соңғы бір айда толық медициналық қадағалаудан өткен. Бұрындары осыған уақыты мен қаражатын сарп ететін ол жаңа пилоттық жүйенің жұмысы жеміс беріп жатқанын айтады.

Татьяна Клочкова, Қарағанды қаласының тұрғыны:

- Гипертониям, кант диабетім бар. Толық тексерілгеннен кейін ауруханаға жатқызып, жақсы емдом жасады. Енді беліме қымбат ем жасауға квота беріп отыр.

Жоба аясында қайта оңалту орталықтарының да жұмысы жанданды. Бұрын айлап кезек күтетін науқастар қазір тез арада орталықтан ем-дом алуға қол жеткізіпті.

Шыңғыс Тәкішев, Қарағанды қаласының тұрғыны:

- Есту жүйкеме үлкен ота жасалған. Кейін оңалту орнында болып, үшінші рет жатырмын. Жақсы, көңілім толады. Физио ем қабылдадым. Физио кабинетте миға дәрідәрмек арқылы оттегі жібереді. Магнит тоғы берілді.  

Жаңа жүйеге дайындық барысында өңірдің оңалту орталықтарындағы орын 20-дан 250-ге дейін көбейген.

Руслан Беляев, «Луч» нейрооңалту орталығының бас дәрігері:

- Бұл бізге науқастарды көбірек қарауға мүмкіндік беріп отыр. Орталықта пациенттерді ұзағырақ ұстауға да болады. Алдағы уақытта тағы бір осындай орталық ашсақ деп жооспарлап отырмыз. Жоба аясында әрбір науқас үшін қаржы алып отырғандықтан оған да жол ашылды.

Пилоттық жобаның Қарағандыдан басталуы тегін емес. Өйткені өңірдегі тұрғындар электрондық тіркеуге алынған және қызмет көрсету, сатып алу сияқты жүйелер қағаздан компьютер жадысына көшірілген. Дегенмен ортақ базаға сақтандырылған науқастар туралы мәлімет енгізуде кемшіліктер анықталыпты.

Ержан Нұрлыбаев, Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы:

- Кейбір азаматтардың ортақ базаға тіркелмегені анықталды. Оған көп жағдайда өздері кінәлі. Емханаға тіркеуге тұрмағандар немесе ересек жасына қарамастан төлқұжатсыз жүргендер бар. Жүйе оның статусын анықтай алмайды. Сонымен қатар жүйе қалтықсыз жұмыс істеу үшін шалғай ауылдарда интернет болуы шарт. Мұнда жеке мен мемлекет әріптестігін пайдаланып, ол жерлерге спутниктік антенналар орнатып, жұмыстар жүріп жатыр.

Пилоттық жобада осы сияқты ұсақ кемшіліктер анықталды дейді қарағандылық мамандар. Ал міндетті әлеуметтік сақтандыру қорына 2017 жылдан бері жұмыс берушілерден 200 миллард теңгеден аса қаржы түскен. Жоба жұмысын бастайтын 2020 жылдың қаңтарынан бастап әр азамат жалақысының 1 пайызын қорға аударады. Жұмыссыздар немесе табысы көрсетілмегендер қорға қалтасынан қаражат құйса, көмектен құр қалмайды екен. Ал балалар, кәрі жастағылар, мүгедектер мен жүкті әйелдер баяғысынша тегін медициналық қызметті пайдалана береді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде