{metadescription}
Алматы: 13 қабатты үйдің қалай өртенгені белгісіз
Алматы: 13 қабатты үйдің қалай өртенгені белгісіз

Алматы: 13 қабатты үйдің қалай өртенгені белгісіз

Тұтқиылдан келген тілсіз жау. Алматыда 13 қабатты үйдің сыртын қызыл жалын шарпыды. Кірпіштің сыртын қаптаған жабындының 400 шаршы метрі отқа оранған.

Жамбыл және Мұқанов көшелерінің қиылысындағы үйге төтеншеліктер демде жетіп, 10 минутқа жетер-жетпес уақытта алауды ауыздықтады. Дегенмен жабындының ішіндегі жануға бейім жылытқыш материал өрт сөндірушілерге айтарлықтай кедергі келтірген. Күздің қоңыр салқынында көп қабатты үйде өрттің қалай тұтанғаны әзірге белгісіз.

Он үш қабатты жаңа баспанаға тұрғындар толық көшіп болмаған. Зардап шеккендер жоқ.

Вадим Кравцов, Алматы қаласы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметі» ММ бастығының орынбасары:

- Тұрғындар біз келгенше қауіпсіз жерге шығып үлгерген. Оның үстіне жаңа көпқабатты үйге иелері толық көшіп келмеген екен. Қазір мамандар өрттің нақты себебін анықтап жатыр. Жұмысты толық аяқтаған соң, тұрғындар үйіне кіре беруіне болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

25 қазан

24 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде