{metadescription}
Алматыда балабақшадан бала ұрламақ болған әйел 6 жылға сотталуы мүмкін
Алматыда балабақшадан бала ұрламақ болған әйел 6 жылға сотталуы мүмкін

Алматыда балабақшадан бала ұрламақ болған әйел 6 жылға сотталуы мүмкін

Бала ұрламақ болғаны үшін 6 жыл! Алматыда балабақшаға бет аузын тұмшалап келіп бүлдіршінді алып кетпек болған Саягүл Жаңалыққа прокурор осындай жаза сұрады. Бала ұрлығының жолын кескен тәрбиеші де бүгін алғаш рет сот алдында жауап берді. Басты куәгер Айжан Бекен күллі ата-ананың жағасын ұстатқан оқиғаның қалай болғанын бүге-шүгесіне дейін айтып берді. Бірақ ұрлана жаздаған бүлдіршіннің ата-анасы қырағылық танытқан қызға сенбей отыр.   

Айжан Бекен, куәгер:

- Басында үлкен шляпа, көзілдірігі бар, ұзын көйлек киген, қолы бәрі жабық әйел келді. «Сіз кім боласыз?» дегенімде «әпкесімін» деді. «Атаанасы қайда» деп сұрап едім, «олар жол апатына түсті» деді.

«Әпкесімін» деп баланы жетектеп әкетіп бара жатқан әйелге сенбей қарсылық танытқан тәрбиеші – Айжан Бекен. Ол жантүршігерлік жайттың алдын алған. Айтуынша, күдікті баланы бергісі келмей, тәрбиешінің өзіне тап беріпті. Дегенмен 27 жастағы қыз табандылық танытып, ақыры баланы алып қалған. Дегенмен ұрлана жаздаған баланың анасы оның бір сөзіне де сенбей отыр. Себебі, Лаура Мусина бұл бір ғана Саягүлдің ісі емес, топтың қатысы барына сенімді.

Естеріңізге сала кетейік, оқиға шілде айында болған. Тәрбиешінің баланы ұрламақ болған сәті таспаға түсіп қалып, тәртіп сақшылары сол арқылы тапқан. Алматыда бала ұрлығына қатысты бұл бірінші жайт.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

25 қазан

24 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде