{metadescription}
Іле Алатаудың құнарлы топырағын ұрлағандар айыппұл төлейді
Іле Алатаудың құнарлы топырағын ұрлағандар айыппұл төлейді

Іле Алатаудың құнарлы топырағын ұрлағандар айыппұл төлейді

Алматыда таудан құнарлы топырақ ұрлаған 12 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айыппұлдың жалпы көлемі – 450 мың теңге.

Екі күндік арнайы рейд барысында қара шіріндіні ұрлауға қатысты 13 дерек тіркелген. Күз келгелі тау бөктеріндегі топырақты заңсыз қазып сататындарға тоқтам болмай тұр. Тәртіп сақшылары қала құрылысы басқармасының өкілдерімен бірігіп табиғат қаскөйлерінің ізіне түсті. Заң нормаларына сәйкес, полиция әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 505-бабы бойынша шешім қабылдауға құқылы. Ал жерді бүлдіргендер кінәсін мойындағысы жоқ.

Салтанат Әзірбек, Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі:

- Қара птопырақты заңсыз жинаған адамдардың сөзіне сүйенсек, еш жерге тиесілі емес жерден алып келе жатырмыз деп әлек салды. Біз бұл жерлердің иесін анықтап, олар қараусыз қалдырған жерлерге қазір күзет қойып, сақтық шарасын қолға алды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

25 қазан

24 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде