{metadescription}
Несие беру талаптары күшейтіледі. Сарапшылар пікірі
Несие беру талаптары күшейтіледі. Сарапшылар пікірі

Несие беру талаптары күшейтіледі. Сарапшылар пікірі

Табысыңыз төмен болса, несие алуға талпынбаңыз! Ұлттық банк келесі жылдан бастап несие беру талаптарын күшейтпекші. Тұтынушылық несиені реттейтін заң қабылданса, екінші деңгейлі банктер жұртқа оңды-солды қарыз бермеуі мүмкін. Бұл бастама несиеге мұқтаж, жағдайы төмен тұрғындарға қалай әсер етеді? Жаңашылдыққа экономистердің көзқарасы қандай?

Елімізде несие алып жылдар бойы қарызын қайтара алмай жүрген жандардың қарасы қалың. Ұлттық банктің дерегінше, бүгінде жеке тұлғалардың несие көлемі 6 триллион теңгеге жеткен. Оның 4 триллионға жуығы тұтынушылық несиеге тиесілі. Сондықтан Ұлттық банк келесі жылдан бастап несие беру талаптарын күшейтіп, қайтарымсыз қарыздың санын азайтуды жоспарлап отыр.

Дәурен Сәлімбаев, Ұлттық банктің департамент директоры:

- Бірінші кезекте, кепілсіз несие берешегі 90 күннен асып кеткендерге үстеме төлетуге тыйым салынады. Екіншіден, кірісі күнкөріс деңгейінен төмен азаматтарға банктен қарыз алу қиындай түседі. Мысалы, күнкөріс деңгейі 31 мың теңге болса, әр балаға несие алушының табысынан 15500 теңге шегеріледі деген сөз. Сондайақ, екінші деңгейлі бакнтер де бақылауға алынады.

Алайда табысы төмен тұрғындар бұл бастаманы құптамайды. Мәселен, Нина Ничаева тұрмысқа қажетті техниканың барлығын несиеге алған. Өйткені отағасы табатын 60 мың теңге «айлық-шайлығымызға жетпейді» дейді. Қарызы кешірілгендердің тізіміне енген келіншек: «Банктер бізден ат-тонын ала қашса, күн көруіміз қиындайды» - деп налиды.

Нина Ничаева, Алматы қаласының тұрғыны:

- 17ші маусымда төсекті несиеге алдық. Оны толық төлеп, матрас алу жоспарымызда бар. Егер несие беру талаптары күшейсе, білмеймін, не істейтінімізді. Үш баламыз бар. Тұрмысқа қажетті заттарды бірден сатып алуға жағдайымыз жоқ. Мен бұл бастамаға қарсымын. Себебі, жағдайы төмен отбасыларға несиесіз өмір сүру қиын.

Қазақстанда бір жарым миллионға жуық адам әлеуметтік көмек алады. Еңбекке жарамсыздары мен табысы төмендері қаншама. Бұл тізімге кіретіндер несие алу құқығынан айрылуы мүмкін. Сарапшылар Үкімет ең алдымен, жұмыссыздық мәселесін шешіп, жалақыны көтеру керек деп отыр. Әйтпесе жасырын несие беретін заңсыз ұйымдардың саны артуы мүмкін.

Расул Рысманбетов, қаржы сарапшысы:

- Қазір барлығы қымбат. Тиісінше, жағдайы төмен жандар тұтынушылық несие алуға мәжбүр. Халқымыздың 2 миллионнан жуығы 60 мың теңге айлық алады. Жалақысы жоғары жұмыс орындары жоқтың қасы. Азықтүлік те қымбат. Жұрт несие алуға мәжбүр. Бұлай жалғаса берсе, заңсыз несие беретін ұйымдар сөзсіз көбейеді.

Сарапшылардың айтуынша, банктен қарыз алу қиындай түссе, табысы төмен азаматтар онлайн несиеге де жаппай жүгінуі мүмкін. Бұл өз кезегінде ғаламтор арқылы оңды-солды ақша тарататын ұйымдардардың жұмысын жандандырады. Ал жұрттың қарызға белшесінен батуын тоқтатып, несие нарығын сауықтырамыз деген Ұлттық банк жаңа заңның тиімді тұстары өте көп деген пікірде.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

25 қазан

24 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде