{metadescription}
Петропавлда 83 жасар әжей құдыққа құлап кетті
Петропавлда 83 жасар әжей құдыққа құлап кетті

Петропавлда 83 жасар әжей құдыққа құлап кетті

Петропавлда 83 жасар әжей құдыққа құлап кетті. Абырой болғанда кейуана аман қалды. Бақшасында жидек теріп жүрген зейнеткер абайсызда суық суы бар кәріз құбырына түсіп кетіпті.

- Ол жерде құдық барын білгенмін. Тек қасына келіп, құдық осы жерде ме деп қарай бастап едім, арт жағымнан күмп едім құлап кеттім.

Оқыс оқиға күндізгі сағат үш шамасында Изумруд саяжайында болған. Кейуана жердегі жапырақтардың астынан кәріз құдығын байқамай қалыпты. Жұқа қаңылтырмен жабылған қақпақ әжейдің салмағын көтере алмай опырылып түскен. Жалғыз ғана куәгер құрбысы жедел әрекет ету қызметін шақырған. Қазір Тамара Михайловна толық тексеруден өтіп, үйіне оралды. 

Алтай Тезекбаев, СҚО ТЖД құтқару қызметінің өкілі:

- Он минуттың ішінде төрт адам құдықтан шұғыл алып шығып, дәрігерлерге жеткізді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

25 қазан

24 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде