{metadescription}
Семейде 75 жастағы кейуана биік үйден құлап өлді
Семейде 75 жастағы кейуана биік үйден құлап өлді

Семейде 75 жастағы кейуана биік үйден құлап өлді

Семейде 75 жастағы зейнеткер көпқабатты үйдің терезесінен құлап көз жұмды. Кейуана мұнда қонаққа келген екен.

Оқыс оқиға кеше кешқұрым болды. Зейнеткер көпқабатты баспананың 4-ші қабатында орналасқан терезеден құлап кетіп, бірінші қабаттағы дүкеннің шатырына түсіпті. Сегіз метрге жуық биіктіктен құлаған қария сол жерде жан тапсырды.

Аталмыш оқиғаға не себеп болғаны анықталып жатыр. Негізі полицияның болжамы тұрғындардыкінен мүлдем басқа. Олардың мәліметі бойынша, зейнеткер бұл үйге бөтен емес.

Қымбат Көпбаев, Семей қалалық ТЖБ қызметкері:

- Оқиға себебі анықталуда. Куәгерлердің айтуы бойынша, әйел адам терезе жуып жатып құлап кеткен. Сондай ақпарат бар. Енді ол полиция қызметкерлерімен анықталады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

25 қазан

24 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде