{metadescription}
БҚО: Жоғалған екі бүлдіршіннің денесі өзеннен табылды
БҚО: Жоғалған екі бүлдіршіннің денесі өзеннен табылды

БҚО: Жоғалған екі бүлдіршіннің денесі өзеннен табылды

Батыс Қазақстанда жоғалып кеткен балалар өлі күйінде табылды. Бес және екі жастағы бүлдіршіннің денелерін сүңгуірлер бүгін Жайықтан ағып шығатын Қарасу өзенінен алып шықты.

Оқыс жағдай Ақжайық ауданындағы Жанама ауылында болған. Есік алдында ойнап жүрген бүлдіршіндерден ата-анасы кеше көз жазып қалыпты. Содан бері оларды полиция мен еріктілерден құралған 300-ден астам адам іздестірді. Олар ауыл маңы мен аулалардың бәрін шолып шыққан. Алайда қос балақайдың денесі су түбінен табылды. Олардың үйден шамамен бір шақырым жердегі өзенге қалай кетіп қалғаны белгісіз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде