{metadescription}
Серік Ахметовке кесілген бостандығын шектеу жазасы өзгеріссіз қалды
Серік Ахметовке кесілген бостандығын шектеу жазасы өзгеріссіз қалды

Серік Ахметовке кесілген бостандығын шектеу жазасы өзгеріссіз қалды

Қарағандыда экс-премьер Серік Ахметовке кесілген бостандығын шектеу жазасы өзгеріссіз қалды. Оның өзін мерзімінен бұрын бостандыққа жіберу өтінішін аудандық сот қанағаттандырған жоқ.

- Бар құжат сотта. Барлығы жан-жақты толтырылған құжаттар сотта.

- Сіз шағымданасыз ба, тағы қандай шешім бар?

- Әлі ойланамыз.

«Жазадан толық құтылуға мүмкіндік беретін барлық құжаттарды ұсындық», - дейді адвокаттар. Ахметов мемлекетке келген екі жарым миллиард теңге шығынды қайтарды. Пробациялақ бақылауда мінсіз жүріп, жақсы мінездемелер алған. Дегенмен прокурор мен судья оның түзелгенін растайтын «дәйектер жоқ» деді. Ал ол дәлелдердің қандай болуы керектігін өздері түсіндіріп бере алмады.

Серік Ахметов бюджет қаржысын жымқырғаны, қызметін асыра пайдаланғаны және заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқаны үшін 10 жылға сотталған еді. Кейін ол мерзім 8 жылға ауыстырылды. Ал бір жыл бұрын ол жаза да бостандығын шектеуге өзгертіліп, экс-премьер үйіне жіберілген болатын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде