{metadescription}
0:000:00
Бала дауысы! Байқаудың жеңімпазы Мейрамбек Шалқарбай көз жасына ерік берді

Бала дауысы! Байқаудың жеңімпазы Мейрамбек Шалқарбай көз жасына ерік берді

Бала дауысы ұлттық ән байқауы мәресіне жетті. Өнер додасына 5 мыңға тарта бала қатысты. Ішінен үздіктің үздігі – Түркістан облысының тумасы, он екі жастағы Мейрамбек Шалқарбай. Ол енді Париждегі Диснейлендке сапар шегіп, мектеп бітіре салысымен Қазақ ұлттық өнер академиясына грантқа түсе алады. Биыл төртінші рет ұйымдастырылған шара Мәдениет министрлігі, Тұңғыш Президент және «Жандану әлемі» қорларының қолдауымен өтіп отыр.

«Бала дауысының» гранд-финалы бұған дейін сүрінбей келген қатысушыларға – сынақ. Олар үлкен сахнада тек жанды дауыспен шырқайды. Мега жоба жыл сайын тың жаңалық ойлап табуда. Биылғы гала-концерттің ең басты ерекшелігі – музыкалық спектакль және «Ұмай» ертегісінің тұсаукесері.  

Гала-концертте ән салуға бес мыңнан астам бүлдіршін барын салды. Солардың ішінен тек 17-сі ғана лайық деп танылды. Өңірлерден іріктелген жас таланттар ақтық сыңнын алғашқы кезеңінде  бұрын-соңды ешкім естімеген тың әндер орындап, ал гала-концертте тәлімгерлерімен, яғни жұлдыздармен бірге ән шырқады. 

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан Мейрамбектің көзі жасқа толды. Өйткені бір сәттік ән шырқауға жыл бойы талмай еңбектенген. Ол биыл екінші рет қатысып, өзінің үздіктің үздігі екенін дәлелдеді.

Мейрамбек Шалқарбай, «Бала дауысы-2019» ұлттық ән байқауының жеңімпазы:

- Қазіргі көңілкүйім өте керемет. Бұл байқау Қазақстандағы ең керемет байқау деп ойлаймын. Өйткені ол балаларды асқақ шыңға жетелейді. Бүгінгі туған күнімде «Бала дауысы» маған өте керемет сыйлық ұсынды.

Осылайша Балжан Бидаш тәлімгерлік еткен түркістандық қатысушы гран-приді ұтып алып, Париж Диснейлендіне жолдама берілді. Өзге қатысушылар да сыйлықтан құр алақан емес. Байқау балалардың қуанышы болғанымен, оны ұйымдастыруда үлкен мән бар.  

Толғанай Қасен, «Бала дауысы» балалар ән байқауының ұйымдастырушысы:

- Соңғы іріктеу тамыз айында болды. Кейін біз балалармен тығыз жұмыс істедік. Әр балаға авторлық ән жазылды. Негізі әр жыл сайын өзіміздің қандай да бір ерекшелігімізді жаңа қырынан беруге тырысамыз. Осы жылы спектакліміз ерекшеленді.

Көрермен қауым онлайн дауыс беру арқылы нұр-Сұлтандық Кәмила Күзденбаеваны «Халық сүйіктісі» деп таңдаса, үшінші орын бірден үш қатысушыға берілді. Олар Қызылорда облысынан келген Сезім Қаһарман, алматылық Мирас Максимов және Нұр-Сұлтан қаласынан Кәмила Күзденбаеваға бұйырды. Екінші орында атыраулық Альфия Тілекқабыл мен алматылық Аружан Рахманәлі болса, бірінші орын Батыс Қазақстаннан келген Әлімжан Түгелбайдың еншісінде.

«Бала дауысының» 4-ші саусымына арнайы жазылған 17 жаңа әннен тұратын жинақ Қазақстанның барлық мектептеріне сыйға берілетін болады. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде