Бурабай аудандық коммуналдық қызмет басшысы қамауға алынды
Қыруар қаржыны қолды еткен. Ақмола облысында жол құрылысына бөлінген мемлекеттің ақшасын жымқырды деп күдікке іліккен Бурабай аудандық коммуналдық қызмет басшысы Қайыргелді Мусин екі айға қамауға алынды.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
28.10.2019
Ол 60 шақырымдық Щучье-Николаевка тас жолын күрделі жөндеу кезінде мемлекеттен бөлінген 287 миллион теңгені жымқырды деген күдікке ілігіп отыр. Қайыргелді Мусинге қатысты лауазымдық өкілеттігін теріс пайдаланып, бөтеннің мүлкін иемденді немесе талан-таражға салды деген айыппен іс қозғалған. Бұған дейін бірнеше жыл Щучье қаласының әкімі қызметін атқарған шенеунікті тергеу кезінде екі айға қамауға алуға сот санкция берді. Мусин өткен тамыз айында қызметінен кеткен еді. Ал қарамағында қызмет атқарған экс-шенеунік туралы облыс әкімі Ермек Маржықпаев білмейтін болып шықты.
Ермек Маржықпаев, Ақмола облысының әкімі:
- Ол мәселе туралы мен ештеңе естіген жоқпын Қайыргелді Мусин туралы. Қазір зерттеп, дұрыстап жауап берем.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!