Оралдық полицей 20 жастағы қызды суицидтен құтқарып қалды
Оралдық полицей көпірден суға секіріп өлмек болған бойжеткенді құтқарып қалды. 20 жастағы қыздың жантүршігерлік қадамы қала тұрғындарын шошытып отыр. Абырай болғанда суицид жасамақ болған қыз дін аман.
Автор: Сымбат Ғалымбекұлы
28.10.2019
- Бастапқыда есін білмеді, түк түсінбеді. Сосын есеңгіреген халде дірілдепқалшылдап отырып жылады. «Мен өліп қалдым ба? Қай жердемін?» деп сұрады. Маған сондай сұрақтар қойды.
Бойжеткенді құтқарып қалған Еркебұлан арнайы жасақта қызмет еткендіктен, бет-жүзін көрсетпеуді сұрады. Ол көлігінің айнасынан өз-өзіне қол салмақ болған қызды байқаған. Ол көлігінен шыққанша өмірден баз кешкен бойжеткен көпірден өзенге секіріп үлгерген. Көп ұзамай арнайы жасақ өкілі соңынан суға сүңгіп, қызды құтқарып қалды. Сұмдық жайтты көрген куәгерлер бірден жедел жәрдем мен құтқарушыларды шақырыпты. Жас қызды мұндай қадамға не итермелегені әзірге белгісіз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!