{metadescription}
Табиғат қаскөйлеріне қатысты заң күшейтіледі
Табиғат қаскөйлеріне қатысты заң күшейтіледі

Табиғат қаскөйлеріне қатысты заң күшейтіледі

Президенттің тапсырмасынан кейін табиғат қаскөйлеріне қатысты да заң күшейтілетін болды. Экология министрлігінде арнайы жұмыс тобы құрылып, заңға өзгеріс енгізу ұсынылып жатыр. Ол қабылданса, браконьерлер бұрынғыдай 1-2 жыл емес, 5 жылға дейін жаза арқалайды.

«Браконьерлер табиғат байлығы – киіктерді аулауды тоқтатпай отыр. Алматы облысында ҰҚК қызметкерлері үш мыңға жуық киікті өлтірген қылмыскерлерді құрықтады. Қаскөйлер заңға сәйкес қатаң жазаға тартылуы тиіс. Құқық қорғау органдары мұндай заңсыз әрекеттерге тоқтау салуы керек». Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті

Президент Тоқаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына осылай деп жазды. Жауапты министрлік жұмыс аптасы басталысымен шұғыл кіріскен. Экология министрлігі өкілдерінің айтуынша, енді инспекторлар әлеуметтік қорғалып, қосымша оқытылмақ. Автокөліктеріне арнайы дабыл орнатылып, басқа да материалдық-техникалық тұрғыдан жабдықталады. Қазір қажетті қаражат есептеліп, бюджетке енгізілмек.

Қарағанды облысының аумағынан да демалыс күндері 72 киіктің өлексесі табылған. Ал жалпы биылғы он ай ішінде 6 мың адам әкімшілік, 48 адам қылмыстық жауапқа тартылып, оларға 77 миллион теңге айыппұл салыныпты.

Асхат Қайнарбеков, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің комитет төрағасы:

- Бұрын 150 АЕК, 1 жылдан 2 жылға дейін болса, біз қазір ұсыныс енгізіп отырмыз, 2ден 5 жылға дейін. Жұмыс тобы өткен аптада Бас прокуратурамен бірігіп ұсыныстарымызды енгіздік. Енді жылдың аяғына дейін мәселені шешіп, қабылдаймыз деп ойлаймыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде