{metadescription}
Алматыда бала ұрламақ болған әйелге қатысты оқиға немен аяқталды?
Алматыда бала ұрламақ болған әйелге қатысты оқиға немен аяқталды?

Алматыда бала ұрламақ болған әйелге қатысты оқиға немен аяқталды?

Темір тордағы тәрбиеші! Алматыда бала ұрламақ болған әйел 6 жылға сотталды. Аталмыш қадамға «ақшадан қысылғаннан бардым» деген Саягүл Жаңалық өзіне кесілген үкімді өте сабырлы қабылдады. Есесіне ата-анасы көз жасына ерік берді. Баланың аман-саулығын алға тартқан сотталушының туыстары үкіммен келіспей, енді апелляцияға жүгінбек. Атышулы оқиға немен аяқталды?  

Балабақшаға бет аузын тұмшалап кірген тәрбиеші сот залында да түрін көрсетпеуге тырысты. Тіпті адвокатына дейін көңіл-күйі болмай төмен қарап отыр. Бекер емес екен. Ақшаға бола бала ұрламақ болған әйелге қатысты үкімді сот көпке созбай оқыды.                    

Тұрсынхан Салықов, судья:

- Кінәлі деп танылсын. Оған осы бап бойынша 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Сотталушы, сотталған Жаңалық, үкім түсінікті ме?

- Иә.

- Сұрақтарыңыз бар ма?

- Жоқ.

- Жақсы.

Үкімді балабақша тәрбиешісі өте сабырлы қабылдады. Кешірім сұрауға да тырыспады. Бес жыл бала бағып өз ісінің үздігі атанған педагог жазасын есірткі құмарлар мен ұры-қарылардың арасында өтейтін болады. Ал жалғыз қызының артынан сотқа іздеп келген әкесі мұндай үкіммен келіскен жоқ. Айтуынша, Саягүлдің арам ойы болмаған.

Дәулетхан Жаңалық, сотталушының әкесі:

- Бала енді аманесен қолында, бала енді ұрланған жоқ! Бәрі орында тұр! Сол себепті, көңілім толмайды! Аяқасты болған жағдай деп тұр ғой! Бәрі аяқасты.Ақшаға мұқтаж емес! Ешқандай қиыншылығы жоқ бұның. Біз де түсінбей жүрміз оны!

Саягүл Қазақстанға 15 жасында келген. Отбасы Қытайдан қоныс аударған екен. Үш бауыры бар. Сыртта күтіп тұрған олар да үкімді естіген бойда түнеріп кетті. Әсіресе қартайған анасы көз жасына ерік берді.

Оқиға шілде айында болған. Тәрбиешінің баланы ұрламақ болған сәті таспаға түсіп қалды.

Саягүлдің өзі бұл қадамға ақшадан қысылған соң бардым деген. Жалпы Саягүл Жаңалық – Алматыда бала ұрлығы бабымен сотталған бірінші адам.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде