Менингит! Атырауда дәрігерлер жас шекарашыны өлімнен арашалай алмады
Атырауда менингит жұқтырған сарбаздың өлімінен кейін әскери бөлімде эпидемияға қарсы іс-шаралар басталды. Ең алдымен марқұммен тығыз байланыста болған әскери қызметкерлер жаппай тексерілуде. Өткен демалыста шекара қызметінде сап түзеген 19 жастағы сарбаз қауіпті дерттің құрбаны болған еді.
Автор: Cымбат Ғалымбекұлы
28.10.2019
Рафхат Қанатов, Атырау облыстық ауруханасының хирургі:
- Жағдайы ауыр жағдайда келді және алғашқы диагнозы – менингит. Қабылдау бөлімінде және жан сақтау бөлімінде ем көрсетілуіне қарамастан, науқас бес сағаттан кейін жансақтау бөлімінде көз жұмды.
Дәрігерлер жас шекарашыны өлімнен «арашалай алмадық» дейді. Өйткені ауруханаға ауыр халде жеткізілген науқасқа менингококк инфекциясының күрт асқынатын түрі деген диагноз қойылыпты.
Қызылорда облысының тумасы 16-шы қазанда ғана Отан алдындағы борышын абыроймен өтеуге ант еткен. Арада он күн өткен соң қатты ауырып дәрігердің көмегіне жүгінген көрінеді.
Қазір комиссия құрылып, қайғылы оқиғаның себебі анықталып жатыр. Ақ халаттылар әскери бөлімде менингококк инфекциясын жұқтырғандар әзірге анықталған жоқ деп отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!