{metadescription}
Қызылорда облысында уран концентратын ұрлағандар қылмыс үстінде ұсталды
Қызылорда облысында уран концентратын ұрлағандар қылмыс үстінде ұсталды

Қызылорда облысында уран концентратын ұрлағандар қылмыс үстінде ұсталды

Қызылорда облысында уран концентратын ұрлап, оны сатпақ болғандар ұсталды. Арнайы операция жүргізген Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері күдіктілерді қылмыс үстінде құрықтаған.

Ұйымдасқан топтың төрт мүшесі 240 келі уран концентратын сатып оңай пайдаға кенелмек болыпты. Қазір күдіктілерге қатысты «Радиоактивті заттармен және қалдықтармен, сондай-ақ, ядролық материалдармен заңсыз жұмыс істеу» бабы бойынша іс қозғалды.

Мамандардың айтуынша, уран концентраты өте қауіпті зат. Одан қалыпты мөлшерден бірнеше есе көп радиация тарайды. Бұл қоршаған орта мен адамдардың денсаулығына үлкен қауіп төндіреді.

Тергеу мәліметтері бойынша, қылмыстық топ радиоактивті затты ванадий кенін өңдейтін кәсіпорындардың бірінен ұрлаған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.