Тергеуде күдіктіні қинады деп сотталған төрт полицей ақталып шықты
Ақтөбеде тергеу кезінде күдіктіні қинады деп сотталған төрт полицей ақталып шықты. Алматы аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары қарамағындағы үш қызметкерімен қоса, бұған дейін қалалық сотта 4-5 жылдан жаза арқалаған еді. Бірақ облыстық сот алқасындағылар ол үкімді бұзып, тәртіп сақшыларын бостандыққа жіберді.
Автор: Жаңалық Ахаш
29.10.2019
Сот залында қуанып қол шапалақтағандарда екі ай бойы тыным болған жоқ. Олар жақындарын соттамауды талап етіп, бірнеше рет облыстық прокуратура ғимаратының алдында шу шығарған еді. Өйткені полиция бөлімі басшысының орынбасары Руслан Есанов пен әріптестеріне тағылған айып та, алғашқы кесілген үкім де ауыр болды. Айыптау тарапы төртеуін әкімшілік жазаға тартылған нашақорды қинап, бірнеше қылмысты өз мойнына алуға мәжбүрледі деп кінәлады. Сол үшін түрмеге жауып қана қоймай, барлық шен-атақтарын айыру керек деп шешті. Бірақ облыстық соттың апелляциялық алқасы ол үкімді бұзды. Мұнымен жәбірленуші келіспей отыр. Енді жоғарғы сотқа шағымданбақшы. Ал ақталған тәртіп сақшыларына шендерімен қоса үш жыл бұрын лаңстік оқиға кезінде көрсеткен ерліктеріне берілген медаль қайтарып берілді.
Анар Айтжанова, Ақтөбе облыстық сотының баспасөз хатшысы:
- Апелляциялық үкіммен аталған тұлғалар қылмыстық құқық бұзушылық жасауға қатысы барлары дәлелденбегеніне байланысты ақталды. Ақталғандардың қылмыстық процесстері жүргізетін органның заңсыз әрекеттері салдарынан келітірілген зиян өтеткізуге құқықытары бар. Үкім заңдық күшіне енді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!