Құжат рәсімдеу тәртіптері жеңілдейтін болды
Елімізде құжат рәсімдеу тәртіптері жеңілдейді. Бүгін Сенатта мемлекеттік қызмет көрсету туралы заң жобасы қаралды.
Автор: Гүлбағда Қайратқызы
29.10.2019
Жаңа құжатта мемлекеттік қызметтерді «бір терезе» емес, «бір өтініш» қағидаты бойынша көрсету қарастырылған. Яғни, кез-келген адамның бір өтініш арқылы бірнеше өзара байланысты қызметтерді алуына мүмкіндігі бар. Мәжіліс депутаты Майра Айсина зейнетақы құжаттарын рәсімдеудегі өзгерістерді мысалға келтірді.
Майра Айсина, Мәжіліс депутаты:
- Зейнет жасына келген халықты алатын болсақ, олеар үлкен адамдар ғой. Ол өздерінің тиісті зейнетақысын алуға бір рет барады, базалық дейміз оған екінші рет барады өтінішпен. Үшінші рет зейнетақы қорына барады. Қазір «бір терезе» қағидаты бойынша емес, «бір өтініш» қағидаты бойынша бірақ рет барады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!