{metadescription}
0:000:00
Елімізден қанша бүлдіршін бөбекжай жолдамасын күтіп отыр?

Елімізден қанша бүлдіршін бөбекжай жолдамасын күтіп отыр?

Балабақша жолдамасына бола ата-аналар тауықпен бірге таң атыруға мәжбүр! Елімізде ұл-қызын бөбекжайға орналастырғысы келген тұрғындар елден бұрын оянып, электрондық Үкімет порталын аңдитын болған. Жұрт онда шығарылатын санаулы орынға жанталасады. Бірақ оның өзі жылт етіп жоқ болып кетеді. Талай бала мектепке дейінгі білім мекмесіне қол жеткізе алмай отыр. Ал жауапты мамандар аталмыш мәселеге ата-аналардың өздерін кінәлайды.

Төрт жарым жасар Әлиханды анасы үйден оқытуға мәжбүр. Балақай балабақша табалдырығын аттамаған. Жақын жердегі мемлекеттік мекемеде орын тапшы. Балабақша меңгерушісі бос орын бола қалса, оның электронды Үкімет порталына шығатынын айтқан. Сондықтан, Әлия таңмен таласа тұрып порталды аңдиды. Бірақ, мұным «бос әурешілік» дейді келіншек.

Әлия Әділбекова, Алматы қаласының тұрғыны:

- Бірекі орын болады. Бір күні шығады. Сол күні Egov арқылы кіріп, ұстап аласың, қол қойып аласың. Таңғы алты жарымнан тұрып Egovті ашып, ЭЦП-мен кіріп отырсаң, жаңағы орын көрінбейді. Ал  балабақшаның меңгерушісі «орын шығардық, міне» дейді.

Баласын бөбекжайға орналастыра алмаған Әлия ақысы төленбейтін демалыс алуға мәжбүр болды. Электронды Үкіметке шығатын жолдамадан үмітін үзген ол енді не істерін білмейді. Алматыдағы мектепке дейінгі мекемелердегі орын жетіспеушілігі мәселесін Бақытжан Сағынтаев та көтерді. Ол қалаға арнайы сапармен келген Президентке түйткілдің себебін былай түсіндірді:

Бақытжан Сағынтаев, Алматы қаласының әкімі:

- Мәселенің бірнеше себебі бар. Біріншісі, жоғары демографиялық өсім. Екіншісі, ішкі миграция. Сондайақ, балабақшалар мен мектептердің баяу қарқынмен тұрғызылуы орын тапшылығына әкеліп отыр.

Балабақша – балалы отбасылардың бас ауруы. Қазір еліміз бойынша 430 мыңнан аса бүлдіршін бөбекжай жолдамасын күтіп отыр. Яғни, олардың ата-анасы да ерте тұрып порталға шыққан санаулы орынға таласып әлек.

Статистикаға сүйенсек, мәселе жылдан жылға ушығып барады. Мәселен, осыдан 2 жыл бұрын балабақшадағы 100 орынға 96 баладан келген. Яғни, кей орындар бос қалатын. Ал, былтыр бөбекжайлардағы 100 орынға 106 бала таласыпты.

Ақтөбеде, тіпті, осынша орынға 129, Қостанайда 128 баладан келіпті. Ал Павлодарда мемлекеттік мекемедегі 100 жолдамаға 117 бала таласқан.

Білім министрлігіне Олардың айтуынша, тұрғындар ұл-қыздарын өздеріне ыңғайлы жердегі бөбекжайға ғана бергісі келеді.

Роза Базарбаева, «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы директорының міндетін атқарушы:

- Атааналардың мектепке дейінгі ұйымды таңдауында болып тұр ғой. Ата-ана бүгінгі күні үйінің және жұмыс орнының жанындағы балабақшаға барғысы келеді. Сол себепті балабақша кезегі келгенде де ол балабақшаны таңдауға байланысты көп ата-ананың барғысы келмейтіні сол, кезекте тұра береді. Өзінің сүйікті балабақшасына барғанға дейін.

Жұрт ұл-қызымыз балабақша табалдырығын аттамай бірден мектепке бара ма деп қауіптенеді. Мәселені тез арада шешіп беруді талап етуде. Ал бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев мегаполистегі балабақша тапшылығын мемлекеттік-жеке серіктестік және жан басына қаржыландыру арқылы жоюды тапсырды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.