{metadescription}
Тараз: Күзет қызметкерлері көлікті мас күйде басқарған ба?  
Тараз: Күзет қызметкерлері көлікті мас күйде басқарған ба?  

Тараз: Күзет қызметкерлері көлікті мас күйде басқарған ба?  

Мас күйінде көлік басқарғаны рас па? Таразда жеке күзет қызметінің жігіттері Опель Астра көлігін соғып, үш адамды ажал құштыра жаздаған. Оның біреуі ауыр хәлмен ауруханада жатыр. Жәбірленуші тарап: «Фирманың қызметкерлері араққа сылқия тойып алған» - дейді. Кінәлілерді қатаң жауапқа тартып, моралдық шығын өтелуін талап етеді. Күзет қызметінің айтар уәжі қандай?

Таңғы бес шамасында ішінде төрт адамы бар жеңіл көлік Шымкенттегі тойдан қайтып келе жатқан. Қарсы беттен шыққан күзет қызметінің көлігі Опел Астра көлігінің бүйірінен оңдырмай соққан. Қатты соққыдан бірнеше мәрте айналған темір тұлпар  бағдаршамға соғылып, артынша сайға құлаған.   

Төлеген Әбдрахмановтың апаттан басына қатты зақым келген. Оның анасының аяғы сынса, жамбасы морт кеткен аяғы ауыр әйелі ауруханада жатыр. Жәбірленушінің айтуынша, күзет қызметінің өкілдері бағдаршамның қызыл түсіне қарамай жүйткіген. Тіпті апатқа кінәлілер оқиға орынан қашып кетпек болыпты. Бірақ куәгерлер оған жол бермеген.

Төлеген Әбдрахманов, Тараз қаласының тұрғыны:

- Рөлде отырған жігіт ішіп алған. Енді «мен емеспін» деп мойындамай отыр.

- Оқиға орнына қашып кетпекші болды ма?

- Солай болған. Артында қару жатыр: екі автомат, шоқпар, каска. Тағы бір жігіт артында қызбен отыр.

Жамбасы сынып ауруханаға түскен Іңкәр Жақаеваның бес баласы бар. Үлкені 12-де, кенжесі бір жарым жаста. Жүкті келіншектің жақындары енді оның өміріне алаңдап отыр.   

Айсара Нартбаева, Тараз қаласының тұрғыны:

- Қызымды аяғына тік тұрғызып берсін. Бес баласын қалай асырайды?  Бір жыл төсекте жатады, емізулі баласы бар. Жеті айлық баланы кесір тілігімен алып жатыр.

32 жастағы келіншек ауыр хәлде аурухаға түскен. Екі күн жансақтау бөлімінде жатқан оны бүгін сынық-жарақат бөліміне ауыстырыпты. Дәрігерлер оның өміріне төнген қауіп жоқ дейді. 

Ерлан Түлеев, №1 қалалық аурухана жарақат бөлімінің меңгерушісі:

- Жамбасы сынған адамның босануы қалай болады?

- Оны босандыратын мерзімі келген кезде акушер-гинеколгтармен бір шешімге келеміз. Осы апта бақылауда болады. Келесі апта шешім шығарамыз.

Жәбірленуші тараптың айтуынша, көлікте екі жігіт болған. Ал рөлдегі сол  азамат дейді. Ол жасаған ісіне өкінді ме, әйтеуір көптің көзінше жылап жіберді. Одан сұқбат алу мүмкін болмады. Тіпті басшысының өзі жауап беруден бас тартты.

- Кінәләрыңызды мойындайсыздар ма, ішімдік ішкен бе бұл кісілер?

- Мен оған жауап бере алмаймын, оған сараптама жауап береді.

- Рөлде осы кісі болған ба?

- Білмеймін, менен сұрамашы-ей, сен.

Әзірге кінәлілердің ішімдік ішкен-ішпегені белгісіз. Бір анығы, дерекке қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Гүлсара Мұхтарқұлова, Жамбыл облыстық ПД баспасөз хатшысы:

- Барлық қажетті сараптама тағайындалды. Тек сараптама нәтижесі бойынша кім кінәлі екенін анықтай аламыз. Ішімдік ішкенішпегендігін де сараптама анықтайды.

Көп балалы ана Іңкәр Жақаева кемі үш апта ауруханада жатады. Жағдайы тәуір болса ғана үйіне жіберілмек. Ал науқастың туыстары бұл жағдайды аяқсыз қалдырмауға бекініп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде