{metadescription}
Тараз: Бүлдіршінге қатыгездік танытқан тәрбиешіге сот үкімі шықты
Тараз: Бүлдіршінге қатыгездік танытқан тәрбиешіге сот үкімі шықты

Тараз: Бүлдіршінге қатыгездік танытқан тәрбиешіге сот үкімі шықты

Үш жастағы бүлдіршінге қатыгездік танытқан тараздық тәрбиешіге сот үкім кесті. 54 жастағы әйел қомақты айыппұл төлеп қана қоймай, екі жылға педагогикалық жұмыстан шеттетілді.  

Тахмина Сұлтанова, судья:

- Кінәсін толық мойындап, тергеу ісіне көмек берді. Сот осыны назарға алды. Оған 80 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. Егде жасқа келгені ескеріліп қоғамдық жұмысқа тартылмады. Денсаулығы да жарамайды екен.

Балақайға доқ көрсеткен маман бұған дейін уақытша жұмыстан шеттелген. Енді сот үкімі шыққан соң ол қызметінен қуылады.

Ал тәрбиешіден теперіш көрген 3 жастағы баланың денсаулығына еш қауіп жоқ. Дегенмен сараптама сол жағдайдан кейін оның денесіне аздаған зақым келгенін растапты. Бүлдіршіннің анасы бар. Ол некесіз туған баласын асырай алмағандықтан екі жыл бұрын осында өткізген екен. Сот «Үміт» бөбектер үйінің басшысын тәртіптік жазаға тарту жайында облыс әкімдігінің атына жеке қаулы шығарды.

Үш апта бұрын әлеуметтік желіде «Үміт» бөбектер үйі тәрбиешісінің кішкентай балаға дөрекілік көрсетіп жатқан көрінісі тараған. 54 жастағы 30 жылдық өтілі бар маман жылаған баланы жұбату үшін оның аяғынан көтеріп, басын төмен салбыратып, бірнеше мәрте сілкіп алады. Осы жағдай қоғамда үлкен дау туғызып, аймақтағы атқамінерлерді біраз дүрліктірді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде