Білім және ғылым министрлігі көп сыйақыға қатысты түсініктеме берді
Білім және ғылым министрлігі өздеріне 4 есе көп сыйақы тағайындап алған қызметкерлеріне қатысты түсініктеме берді. Олардың айтуынша, миллиондап сыйақы алып жатқан ешкім жоқ. Тек жалақысы мардымсыз қызметкерлерге көмек болуы үшін осындай сыйақы беріп тұрады екен.
Автор: Ербол Тұрымбет
29.10.2019
Сергей Пен, БҒМ Adal Bilim жобалық кеңсесінің әкімшісі:
- Олардың орташа жалақысы 7078 мың теңге аралығында. Қолына тиетіні 60 мың теңге. Ондай жалақымен қалай жұмыс істейді? Білікті мамандар ондай жұмысқа келмейді де. Сондықтан кей мекемелерде қызметкерлерге әйтеуір бір дұрыс табыс болсын деп осындай төрт есе және одан да көп сыйақылар тағайындалады.
Жобалық кеңсе басшысының айтуынша, сыйақы тағайындар шақта бюджеттен артық шығын қарастырып жатпайды. Мәселен, бір мекемеде 70 штат болса, онда 40-50 адам жұмыс істеуі мүмкін. Ал қалған бос орындарға тиесілі жалақыны өздеріне сыйақы етіп жаздырып, амалдап отырады екен. Олардың айтуынша, мұны ақшаны жымқыру деп айтуға келмейді. Дегенмен білім мекемесінің бұлай мемлекет қаржысын өз бетінше қолдана беруіне тағы болмайды. Сондықтан оларға қаржы бөлу мәселесін қайта қаралмақ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!