{metadescription}
Сириядан оралған қазақтар соғысқа қалай қатысқанын айтып берді
Сириядан оралған қазақтар соғысқа қалай қатысқанын айтып берді

Сириядан оралған қазақтар соғысқа қалай қатысқанын айтып берді

Сириядан оралған қазақтар соғысқа қалай қатысқандарын айтып берді. Бірі автомат асынып қарауыл күзетінде тұрса, бірі байланыс қызметінде болған. Ал тағы бірі көлік жүргізушісі болып шабуылға араласыпты.

2013 жылы Сәтбаев қаласынан Сирияға аттанған Данияр Алтаевтың лақап аты – Әбу Юсуф. Оның күрдтердің ауылына шабуыл жасағанда жаяу әскерді алыстан бүркемелеп тұратын көлігі болған. Үстіне орнатылған пулеметті Нұрлан есімді тағы бір қазақ атып отырыпты. Ол ұрыс даласында көз жұмған да, Данияр оң қолынан жараланып ауруханаға түскен. Кейін тағы оң аяғынан жараланып, қазір аяғына темір салынған күйі жүр. Сұрауға алынған екінші сотталушы Дәурен Сәбитұлы балаларды оқыту, жесір әйелдерге көмектесумен айналыса жүріп, күзет қызметінде де болған. Жалпы, сотталушылар бір-бірін таныса да, жақын араласпадық деп ақталды. Тек кімнің қандай қызмет атқарғанынан хабардар. Олар тек Сирияға барғанын, соғысқа қатысқанын ғана мойындайды. Бірақ лаңкестік топ құрып, оны басқарды, елді терроризмге шақырды деген айыптаулармен келіспейді. Кейбірі тіпті «Аллаһу әкбарды» не үшін айтып жүргенін де білмейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде