{metadescription}
Бағдат Мәнізоровқа тағылған айып алынып тасталды
Бағдат Мәнізоровқа тағылған айып алынып тасталды

Бағдат Мәнізоровқа тағылған айып алынып тасталды

Бас прокуратура Бағдат Мәнізоровқа тағылған айыпты алып тастады. Алматы облысы әкімінің орынбасарына қатысты алаяқтық бабы бойынша қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды. Адвокат Алмас Демесіновтің сөзінше, қорғауындағы шенеуніктің ісіне қатысты жауапты электронды Үкімет портал арқылы алған.

Алмас Демесінов, Б. Мәнізоровтың адвокаты:

- Бас прокуратура Мәнізоровтың ісін саралау бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190 бабы 4-бөлімі 2-пунктіне сәйкес қаулы қабылданды. Қаулыға сәйкес, Қылмыстық құқықбұзушылық деректер болмауына байланысты қылмыстық іс тоқтатылды.

Еліміздің бас бақылау органы Бағдат Мәнізоровтың алаяқтыққа қатысы жоқ екендігін мойындаған. Шенеунік өткен айдың аяғында ұсталып, «ірі көлемде пара алды» деген күдікке ілінген. Кейін тергеу барысында оған «пара алды» деген айып «алаяқтыққа» ауыстырылды. Адвокат іс-материалдарымен толық танысып шыққасын неліктен мұндай шешім қабылданғанын рет-ретімен баяндауға уәде етті. Алмас Демесінов, Мәнізоровтың тергеуге үйінен барғанын айтады. Оған қоса қызметтік беделіне келген нұқсанға өтемақы талап ете ме, ол жағы белгісіз. Бір анығы, Алматы облысы әкімінің орынбасары ақысыз демалысқа шыққан. Келесі аптадан бастап жұмысына қайта кіріседі. Ары қарай қызметін жалғастыруға қатысты шешімді өзі қабылдайды дейді облыстық әкімдіктің баспасөз хатшысы.

57 жастағы Бағдат Мәнізоров Алматы облысы әкімінің орынбасары болып осы жылдың шілде айында тағайындалған еді. Оған дейін Алматы қаласының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасын екі жыл басқарған. Әр жылдары жеке серіктестіктерге басшылық етіп, Алматыдағы Алатау ауданына 9 жыл әкім болған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде