{metadescription}
Сән апталығы:  Ауыл келіндері трендке шықты
Сән апталығы:  Ауыл келіндері трендке шықты

Сән апталығы: Ауыл келіндері трендке шықты

Ауыл келіндері трендте! Үлде мен бүлдеге оранып үйренген алматылық бикештер отандық дизайнерлердің жаңа топтамасын көргенде талып түсті. Себебі, подиумға олар күткендей көздің жауын алатын қысқа етекті көйлектер емес, халат пен сүйретпелер шықты! Келесі жаз бен көктемнің ең сәнді үлгілерін көрсететін Қазақстан сән апталығын тағатсыздана күткен сылқымдардың жүрегін тағы не ауыртты? Сәнді шүберек десе, ішкен асын жерге қоятын жандардың жиынына КТК тілшісі барды.     

Сахна сыртында Аида Қауменова шапқылап жүр.Әйгілі дизайнер биыл да бірінші болып сән апталығын ашты. Көрерменін естен тандыруды көздеген сәнгер сәнбикелеріне иіс суға дейін септі.     

Су жаңа топтаманы көргенше тағаты таусылған алматылық сылқымдар расымен де естен танды. Елде жоқ ерекше киімдердің орнына кәдімгі халат-көйлектер. Атақты дизайнер аяқ киімнің де ең ыңғайлысын таңдапты – кәдімгі сүйретпелер. Жазда жарқырап жүреміз деп ойлаған қыз-келіншектерге топтама ұнамай қалды.    

Евгения Тян:

- Қазір көрген киімдерден «мынаны киемін» деп айта алмаймын. Ешқайсысы көңілімнен шықпады. Одан көрі сән журналдарын қарағаным дұрыс. Әдемі әрі ерекше боуға қажеттінің бәрі сонда.

Әйгілі дизайнерлердің көз майын тауысып тіккенін сынаған бикеш өзінің әлдеқайда сәнді киінгенін айтып мақтанды. Айтуынша, бастан-аяқ тек шетелдік бренд екен. Көпшіліктің көзіне түсуге барын салған келіншек бір бас киімнің өзін 100 мың теңгеге сатып алыпты. Десе де отандық сәнгерлер тышқан жылы тренде болуға соншалықты шығындалудың қажеті жоқ деп отыр. Тек қара түсті киім кисеңіз болғаны.      

Леонид Жеребцов, дизайнер:

- Келесі көктем-жазда жаппай қара түс сәнді болмақ. Одан бөлек, бикештердің құлағына алтын сырға – келесі жылы күнге күйген бойжеткендер сәнді болып саналады.

Дизайнерлердің сөзіне сенсек, «қап-қарашкалар» келесі жылы хит болайын деп тұр. Қалай дегенмен теңгедей тұрақсыз, сан құбылып, өзгеретін сән әлеміне ілесу-ілеспеу әркімнің өз таңдауы.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде