Алтын қалам - 2019! Қаламгерлер мен шығармалар саны екі есе артты
«Алтын қалам» әдеби бәйгесінің жеңімпаздары анықталды. Жыл сайын өткізілетін шығармашылық доданың биылғы қорытындысы жасалып, 800-ге жуық тың туындының ішінен ең озықтары марапатталды. Тіпті ауқымы кеңейген байқауға АҚШ, Германия, Украина, Ресей, Өзбекстан, Израиль және Молдовадан да авторлар қатысқан. Ұйымдастырушылардың айтуынша, биылғы әдеби бәйгеге қаламгерлер мен ұсынылған шығармалар саны екі есеге өскен.
Автор: Салтанат Шырынхан
30.10.2019
Кенже Жұманұлы, «Алтын қалам» әдеби байқауының ұйымдастырушысы:
- «Алтын қалам» әдеби жүлдесі 2009 жылы құрылған. Биыл 10 жылдығын тойлап отырмыз. Бір байқағанымыз, қазір тек қаламгерлер емес, басқа саланың білікті мамандары да қалам тартып жүр. Көбісі кәдімгідей кәсіби мамандармен бәйгеге түсетіндей деңгейге көтеріліп қалыпты.
Жүлде 7 аталым бойынша берілді. Алғашқы кезеңде қара сөздің қадірін ұғар оқырманнан дауыс жинаған. Ал екінші сатыда ұйымдастырушылардың сүзгісінен өткен шығармалар сараланды.
«Қазақ әдебиетіне қосқан елеулі еңбегі» аталымы - Әбдіжәміл Нүрпейісовке табысталды.
«Жылдың ең үздік прозасы» номинациясында Гүлназ Ізтаеваның шығармасы озық деп танылды.
Балалар және жасөспірімдер жанрында – Қарлығаш Сарыбаева «Атамның шұлығы» әңгімесімен бас жүлде иеленді.
Жылдың үздік поэзиясы» – Дәурен Тілеуханның «Тағдыр» атты өлеңі.
Жеті аталыммен үздік деп танылғандарға да лайықты марапат көрсетілді. Ал дәстүрлі байқаудың негізгі мақсаты - оқырмандарды бүгінгі қаламгерлермен таныстырып, олардың көркем әдебиетке деген ынтасын арттыру.
Қарлығаш Сарыбаева, байқау жеңімпазы:
- «Алтын қалам» байқауына биыл үшінші рет қатысып отырмын. Бұрын жүлде алған емеспін. Бұл енді маған бұдан кейін де жазып, балалар әдебиетін қолдап, тың дүниелерге шабыттандырып отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!