{metadescription}
Тікелей эфир! Смартфоннан Сенат депутаттарының жұмысын тамашалауға болады
Тікелей эфир! Смартфоннан Сенат депутаттарының жұмысын тамашалауға болады

Тікелей эфир! Смартфоннан Сенат депутаттарының жұмысын тамашалауға болады

Сенат қолжетімді бола түсті. Жоғары палатаның барлық тыныс-тіршілігі, жұмысы смартфондардағы қосымшада көрініс таппақ. Енді ел-жұрт тікелей эфирде депуттаттардың заң жобаларын талқылау барысын бақылай алады.

Эльвира Жүргенбаева, Сенаттың баспасөз қызметі жетекшісінің орынбасары:

- Азаматтарымыз біздің Парламенті Сенатында болып жатқан барлық жаңалықтардан құлағдар болып, Заң жобаларымен танысуға жақсы мүмкіндік алады. Жыл соңына дейін мобильді қосымша жаңартылып, жаңғыртылады.

Қосымша әзірге сынақ ретінде іске қосылды. Ал оны App Store немесе Play Маркет арқылы жүктей аласыз. Бағдарлама Сенат депутаттармен жақын танысуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, Жоғары палата өкілдерінің Үкімет мүшелеріне жолдаған сауалдары туралы ақпарат алуға да болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.