{metadescription}
Алматы: Салық төлемеген полицейлердің берешегі 6 миллионға жетті
Алматы: Салық төлемеген полицейлердің берешегі 6 миллионға жетті

Алматы: Салық төлемеген полицейлердің берешегі 6 миллионға жетті

Алматыда салық төлемейтіндердің көшін полицейлер бастап тұр. Тәртіп сақшыларының мемлекетке берешегі 6 миллион теңгеге жеткен. Ішкі істер департаментінің 300-ге жуық қызметкері ескертуді елемей, жылдар бойы мүлік салығын төлемей келген.

Айжан Бекеева, Алматы қалалық мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы:

- Берешегі бар барлық қызметкерлерге хабарлама жіберілді. Тұрғылықты жерлеріне және жұмыс істейтін жерлеріне хабарлама жіберілді. Бастықтары білсін. Соның ішінде төлемей жүрген – полиция және әскери қызметкерлер.  

Салық төлеуден жалтарып жүрген 200-ден астам офицер қазынаға 3 миллион теңге қарыз. Банк қызметкерлері де салық төлеуге келгенде сараңдық танытатын көрінеді. Олардың берешегі миллионнан асқан. Борышкерлердің тізімінде мемлекеттік органдарда жұмыс істейтіндер көп. Мәселен, әкімдіктегілер жер, үй және көлік салығын уақтылы төлемей, мемлекетке 600 мың теңге берешек. Қазына кірісін бақылаушылар барлық азаматтар жыл аяқталғанша қарыздың негізгі сомасын өтесе,өсімпұл мен айыппұлдары кешірілетінін ескертеді. Бұл талапты да ескермейтін жауапсыз азаматтар сот алдында жауап бермек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде