{metadescription}
Көкшетауда жеңілдікпен берілетін жол жүру картасын алу – жеңіл емес
Көкшетауда жеңілдікпен берілетін жол жүру картасын алу – жеңіл емес

Көкшетауда жеңілдікпен берілетін жол жүру картасын алу – жеңіл емес

Көкшетауда жол жүру картасын алуға келген мүгедектер мен көпбалалы аналар қияметтің қыл көпірінен өткендей болды. Арнайы құжатты алуға бір терезеге телміріп, бірін-бірі итерген жұрт кезекте сығылысып опыр-топыр болды. Жеңілдік карталары олардың қоғамдық көлікте тегін жүруіне қажет. Ал сараланған тариф облыс орталығында 1 қарашадан бастап енгізіледі. Жеңілдік берілгенімен, картаны алу жеңіл болмай, ашуға булыққан жұртпен өңірдегі тілшіміз тілдесіп қайтты.  

Бұл жерде көзі көрмейтін зағип та, таяғына сүйенген жандар да, көпбалалы ана да бар. Олар қоғамдық көлікте жүруге жеңілдік беретін картаны алуға келгенмен, үш күннен бері құжат беретін жалғыз терезеге жақындау қиындық туғызған. Тар жерде, көпшілік арасында ауа жетпей жүрегі қысылған қариялар да бар. «Мұндай жолмен берілген жеңілдігі құрысын» - дейді.

Владимир Паршин, Екінші топтағы мүгедек:

- Масқара! Бір ғана терезе жұмыс істеп тұр. Қараңыз, қаншама адам. Қариялар, соқырлар тұр. Үлкенге деген құрмет осы ма? Мұндай жеңілдігі құрысын! Халық көп екенін біледі. Жөндеп ұйымдастырмай ма?

Қоғамдық көліктегі жаңа төлем жобасы енгізілісімен, тариф қымбаттайды. Қолма-қол есеп айырысатын болса, ересектерге 150, балаларға 70 теңге төлемек. Ал әрбір жолаушы көлік картасын қолданса, бұрынғысынша 80 және 40 теңге мөлшері сақталмақ.

Бұл қарбалас – аталмыш жаңа жобаның алдындағы әзірлік. Көмек көрсетілетін санаттағы тұрғындардың барлығы қарашаның 1-не дейін жеңілдік картасын алуы тиіс. Бірақ көрсетілген қызмет түрінің сиқы осы. Билеттерді әзірлеуші электронды жүйе операторы межелі мерзімге үлгермеуіміз де мүмкін дейді.

Мәулен Тахиров, «KOKSHE  BUS TOLEM» ЖШС директоры:

- 1ші шілдеден құжат қабылдадық. Бірақ қолдағы ақпаратты базаға енгізуге мүмкіндік болмады. Тек қазанның 15-і ғана бұл жұмыс яқталды. Әрине, уақыт аз қалды, үлгермеуіміз әбден мүмкін. Бүгін жұрттың ығы-жығы болып жатқаны да сондықтан.

Алғашқыда жеңілдік 13 түрлі санаттағы адамдарға қарастырылса, қазір ол санаттағылар 15-ке жеткен. Яғни, жоспарланған 1,5 мың адамның орнына  9200 адамға жеңілдік картасы әзірлену керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде