{metadescription}
SIM-карта! Нөміріңіз кімнің атында тіркеліп тұрғанын білуге тиіссіз 
SIM-карта! Нөміріңіз кімнің атында тіркеліп тұрғанын білуге тиіссіз 

SIM-карта! Нөміріңіз кімнің атында тіркеліп тұрғанын білуге тиіссіз 

18 миллион халқы бар Қазақстанда 42 миллион SIM-карта тіркелген. Себебі, бір адамның атына 30-40 мың абонент нөміріне дейін алынған. Ал SIM карталардың нақты иесі бұдан хабарсыз. Бүгінде осындай 15 жағдай тексеріліп жатыр.

Көбінде абоненттер SIM-картаны байланыс операторларының дилерлік желісінен сатып алған. Ал олар ешқандай құжат сұрамайды. Өйткені сатушыларға SIM-картаны тіркеуге не өзінің, не жеке сәйкестендіру нөмірін берген өзге біреудің мәліметін тіркей салған оңайырақ. Сөйтіп азаматтар мүлдем басқа адамдардың атындағы нөмірлерді қолданып жүр. Соның салдарынан басқа біреулер жұрттың нөмірін бұғаттап, теңгерімінен ақша алып, интернет-трафигіне дейін бақылап отырады.

«Өз нөміріңіз кімнің атында тіркеліп тұрғанын білу керек» - дейді мамандар.

Бұдан былай қазақстандықтар өз атына тіркелген өзге абономент туралы Egov.kz сайтынан біле алады.

Виталий Ярошенко, Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы:

- Сіз дилерге мені тіркеңіз деп айтпайсыз ғой. Негізінен, әр адам сим-карта сатып алғанда оның жеке мәліметін келісімшартқа қосу қажет. Мысалы, дүкеннен телефон сатып алған болсаңыз, сыйлық ретінде сим-карта береді. Бірақ ол сим-картаны ешкім де өз атына тіркету керектігін ойламайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде