{metadescription}
0:000:00
Бағдат Мәнізоровқа іс қозғаған тергеушілер жазалануы мүмкін

Бағдат Мәнізоровқа іс қозғаған тергеушілер жазалануы мүмкін

Бағдат Мәнізоровқа қатысты іс қозғаған тергеушілер жазалануы мүмкін. Бас прокурордың орынбасары жазықсыз адамға жала жапқандарды тәртіптік жазаға тартуды сұрап жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің басшысына ұсыныс хат жолдады.  

Марат Ахметжанов, ҚР Бас прокурорының орынбасары:

- Қылмыс болмағандықтан, қозғалған іс қысқартылды. Қазір аталмыш істі қозғап, Мәнізоровты тергеген органның басшысына ұсыныс жолдадық. Бас прокуратураның атынан қылмыстық іс тоқтатылғанын ресми түрде мәлімдеймін. 

Алматы облысы әкімінің орынбасарын ұстадық деп жер әлемге жар салған Жемқорлыққа қарсы агенттік қызметкерлері оның қандай қылмыс жасағанын дәлелдей алмаған. «Бағдат Мәнізоров беделіне нұқсан келтіргендердің үстінен арыз жазып, өтемақы талап етуіне болады», - дейді Бас прокуратурадағылар. Алғашында ірі көлемде пара алды деп айыпталып, артынан «алаяқтық» бабына ауыстырылған іс осылайша сұйылып кетті. Ал шенеуніктің өзі осы уақытқа дейін үйқамақта болған. Бүгін Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі Бағдат Мәнізоровтың жұмысқа шыққанын хабарлады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

05 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде