{metadescription}
Жемқорлыққа бармайтын мамандар жасақталып жатыр
Жемқорлыққа бармайтын мамандар жасақталып жатыр

Жемқорлыққа бармайтын мамандар жасақталып жатыр

Президенттік кадрлар резерві жасақталуға жақын. Үміткерлер сынақтың соңғы сатысынан өтуде. Мемлекеттік қызмет істері агенттігі өкілдерінің айтуынша, олар жемқорлыққа қолы бармайтын маман болып шығады. Себебі, іріктеу тым қатал.

Анар Жайылғанова, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрайымы:

- Біреулер үндемей, қалай шешім қабылдарын білмей ойланып қалуы мүмкін. Біреулер оған шешімін тез айтуы мүмкін. Оның барлығын компания өкілдері мен біздің дайындалған 20 сертификаты бар бағалаушылар сыртынан қарап бақылап тұрады да, бағасын береді.

Резервке қабылдануға 35 жасқа дейінгі 13 мың қазақстандық өтініш берген. Үшінші кезеңге келгендер солардан 549-ы ғана қалыпты. Олардың арасында Павлодар облысы әкімінің орынбасары мен Түркістан облысынан келген дене шынықтыру мұғалімі де бар. Бұған дейін зияткерлік қабілеті тексеріліп, өз жоспарлары жайлы эссе жазса, қазір олар төртінші кезеңнен өтіп жатыр. Онда топ-топқа бөлініп, тапсырманы шешу бойынша мүмкіндігін көрсетеді. Одан соң әңгілемесу сатысына жетіп, оның қорытындысы бойынша 400 үміткер іріктеліп алынбақ. Ал желтоқсанның соңына қарай сол 400-ден ең үздік деген 300-і қалады. Агенттік басшысы кей үміткерлердің атақ-абыройы бар аға-көкелерінің хабарласқанын да жасырмады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде