Жолаушылар пойызының өртінен 70-тен аса адам ажал құшты
Пәкістанда жолаушылар пойызы өртеніп, 70-тен аса адам ажал құшты. Тағы ондаған жолаушы ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілген.
31.10.2019
200-ге тарта жолаушысы бар пойыз Карачиден Равалпинди қаласына бет алған. Орта жолда отарбаның тамақ пісіретін жерінде газ баллоны жарылған. Ілезде тараған жалын үш вагонды шарпыған. Жан сауғалаған жолаушылар жүріп келе жатқан пойыздан секіруге мәжбүр болды. Көпшілігі өрттен емес, пойыздың астына түсіп өлген. Апаттан қаза тапқандар саны әлі де артуы мүмкін. Өйткені ауруханаға жеткізілгендердің жағдайы тым ауыр дейді дәрігерлер. Әзірге Әзірге тек 10 шақты адамның аты-жөні анықталды. Қалғандары қатты күйіп кеткендіктен мәйітті тану мүмкін болмай жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!