{metadescription}
Тұтынушыларға көмір неге екі есе қымбат жеткізіледі?
Тұтынушыларға көмір неге екі есе қымбат жеткізіледі?

Тұтынушыларға көмір неге екі есе қымбат жеткізіледі?

Тұтынушыларға қазақстандық көмір екі есе қымбат бағада жеткізіледі. Индустрия министрлігі алыпсатарлардың бағаны қымбаттатуы дерегімен бөлісті.

Саудагерлер көмірді кен орындарынан сатып алып, оны жол бойында үстеме бағамен қайта сатқанда көмір құны екі есеге көтеріліп шыға келеді. Министрлік өкілі мұндай сатушылар өте аз дегенімен, бағаның өспейтініне кепіл бермеді.

Халық көмір сатып алуға асығар емес. Биыл жылу маусымына тек 10 жарым миллион тонна қатты отын сақтаулы. Оның басым бөлігі мұқтаж адамдарға беріледі.  

Қанат Байытов, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің комитет төрағасы:

- Қазір көмір өндіру және сату нүктесіне дейінгі арақашықтыққа байланысты 7 мыңнан 19 мың теңгеге дейін ауытқып тұрады. Мәселен, НұрСұлтан қаласында 11 орында көмір сатумен айналысатын 8 компания бар. Орташа бағаға жеткізуді есепке алмағанда 12 мың теңге.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде