Министр: «Арселор Миттал Теміртау» ауаны ластауын қоймаса, жұмысын тоқтатуы мүмкін
«Арселор Миттал Теміртау» компаниясы қоршаған ортаны ластауын қоймаса, жұмысын мүлде тоқтатуы мүмкін. Бұл туралы Теміртауға келген экология министрі мәлімдеді. «Металлургиялық комбинаттан шығатын қара түтін Теміртауды еліміздің ең лас қаласына айналдырған» - деді Мағзұм Мырзағалиев.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
31.10.2019
Қаланы желсіз күндері комбинаттан шығатын шаң-тозаң аралас қара тұман басып тұрады. Екі қыс қатарынан Теміртауда ақ емес, қара қар жауды. Тұрғындардың арызынан кейін комбинатта тексеріс жүргізілген. Мамандар өндіріс мұржаларынан шығатын шаң құрамында күкірт пен темірдің қалдықтарын анықтады. Олар айыппұл да төлеген. «Арселор Миттал» компаниясы шаң-тозаңды азайтуға милларттаған қаржыға арнайы тазарту құрылғыларын «орнатып жатырмыз» дейді. Бірақ бұл шара күл мен күйені 6 пайызға ғана азайтуға мүмкіндік берген. Ал минстрлік 2024 жылға дейін 30 пайызға төмендетуді талап етіп, компанияның уәдесін әрең алды.
Мағзұм Мырзағалиев, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі:
- Егер бұл талап орындалмаса, компания бізден эмиссияға рұқсат ала алмайды. Яғни от жағып, түтін шығаруға рұқсаты болмай, жұмысы тоқтайды деген сөз. Сонымен қатар енді осындай компаниялар зиянды қалдықтарды шығарғанына төлейтін айыппұлдың барлығы экологияны жақсартуға жұмсалады. Осыған дейін бұған айыппұлдың 14 пайызы ғана жұмсалып келген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!